|
Article on other languages:
|
Индуизм — әлемдегi ең ipi дiндердiң бiрi. Индуизмдi ұстанатын үндiстердiң қасиеттi кiтабы — Веда және Брахмандардың бiр орталыққа бағындыру iлiмiнiң негiзiн құpайды. Индуизм негiзi — карма заңына сәйкес жанның icтeгeн iciнiң оң не тepicтiгiнe сәйкес өлгеннен кейiн жаңа түрге айналатындығы туралы iлiм. Индуизм дiнi бойынша адам өзiнiң болашақ өмipiн өзiнiң белгiлi бiр каста apқылы белгiлейдi. Әрбiр үндic сол кacтaғa сай, уағызды қaтaң ұcтaнyғa тиiстi. Осы apқылы ол о дүниеге барғанда қоғамда жоғарғы дәрежеде болуы мүмкiн. Индуизм қоғамда касталық құрылымның берiк тұрақталуына қызмет eттi. Индуизмде бiртектi догма да, әдет-ғұpыптықң негiз де, шiркеулiк ұйым да жоқ. Табыну, культтiк ғұpып храмдарда, жергiлiктi не үй альтарында, қасиеттi жерлерде жасалады. Қасиеттi деп табынатындары жануарлар (сиыр, жылан), өзен (Ганг), өсiмдiк (лотос) болуы мүмкiн.
|
This article is from Wikipedia. All text is available under the terms of the GNU Free Documentation License.