|
Article on other languages:
|
Пәкістанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен, Иранмен және Қытаймен шектеседі. Ресми тілдері - парсы(дари) және пұшту, солтүстігінде өзбек тілі де қолданылады. Халықтың негізі - пұштұндар мен парсы(дари) тілінде сөйлейтін тәжіктер; өзбектер, түрікмендер, қазақтар, күрттер, белуджтер, хазарейлер, памири халықтар, нұристандықтар көп, демек, 20 халықтардан астам өзіні ауғандық деп санайды. Ресми діні - Сүнни ислам. Тарихы1717 жылы пұштұндардың Дуррани мемлекеті құрылған. Ол Ресей мен Британдық Үндістанның арасында буфер аумағы ретінде еді, кейін ағылшындардан тәуелді болып кетті. 1919 жылы тәуелсіздігін алды. 1929 жылы Кеңес үкіметінің көмегімен коммунисттердің келуінін қауіпі туылды. Коммунисттік идеяларын қолдайтын Аманулла ханды тақтан құлатты. Билік Нәдір шаһтың қолына түсті. Оны 1933 жылы бір әскери курсант өлтірді. Таққа Заһир шаһ отырды. 1975 жылы оны інісінің баласы - Дәуіт тақтан құлатты. 1978 жылы Ауғанстанда Сәуір төңкерісі болып, Ауғанстан Демократикалық Республикасы жарияланды. 1979 жылының желтоқсан айында Ауғанстанға Кеңес Одағының қызыл әскері кірді. Он жыл соғыстан кейін, билікке исламисттер келді. Тәжіктер мен пұштұндар арасында билік үшін тартыс басталды. Билік әскери командирлерге - өзбек Рашид Дустумның, тәжік Ахмад Шаһ Масудтың, пұштұн Гүлбеддин Хикматиярдың қолында еді. Ел бөлініп, бақылаусыз қалған. Ақырында Раббанидің мұджаһиттердің режимі орнатылды. 1992 жылы тәжік Бурхануддин Раббани Мұхаммед Нәжібұлланың режимін құлатты. 1996 жылы "Талибан" деген нағыз дін исламға жат уаһһабиттер сектасының тоталитардық режимі билікке келді. Ауғанстанның заңды билеушісі Нәжібұлла өлтірілді. "Талибан" сурет салуға, әуен тыңдауға, Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған, адамдардың құқықтарын бұзған. 2001 жылының қыркүйектің 11 оқиғасынан кейін, американдық пен одақтас әскерлері "Талибан" уаһһабиттердің режимін құлатып, жаңа үкіметке билікке жол ашты. 2002 жылының бүкілелдік құрылтайы(Лойя Джирга)сынан кейін Ауғанстан Ислам Республикасы жарияланған, жаңа рәміздері қабылданған, азаматтық соғыс пен тартыс тоқтатылған. Қазіргі Ауғанстанның Елбасы - Хамид Карзай. Ауғанстан • Қазақстан • Қырғызстан • Қытай • Моңғолия • Өзбекстан • Тәжікстан • Түрікменстан
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
This article is from Wikipedia. All text is available under the terms of the GNU Free Documentation License.